Carolinas Qazaq Community логотипіCarolinas Qazaq CommunityШарлотт, Солтүстік Каролина Қайырымдылық

Шарлоттқа жаңадан келдіңіз бе?

Осы жолдан өткен қазақстандық отбасылардан практикалық жауаптар. Әзірге жүзбе-⁠жүз сөйлесеміз. Отбасылар тәжірибесімен бөлісе келе, жазбаша нұсқаулық та шығады.

Алғашқы ай

Social Security нөмірі, банк шоты, телефон, NC DMV-⁠дегі жүргізуші куәлігі, көлік сақтандыруы.

Тұрғын үй

Америкалық несие тарихынсыз пәтер жалдау, депозиттер, коммуналдық қызметтер, отбасылар таңдайтын аудандар.

Балалар мен мектеп

Шарлотт-Мекленбург және Юнион округі мектептеріне тіркелу, ESL қолдауы, балабақшалар.

Жұмыс және оқу

Америкалық үлгідегі резюме, лицензиялар мен сертификаттар, ағылшын тілі курстары, колледж.

Денсаулық

Сақтандыру негіздері, urgent care ма, emergency room ба, дәрігерді қалай табу керек, тегін клиникалар.

Адамнан сұрау

Жауап таппадыңыз ба? Бізге жазыңыз, қазақша немесе орысша сөйлейтін ерікті жауап береді. Байланыс